9 желтоқсан 2025
Парламент
Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы

Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы

9 желтоқсан 2025Автор Автор
Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы

Бүгін Мәжілісте Аграрлық мәселелер комитетінің кезекті отырысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды, басқа комитеттерден келіп түскен заң жобалары талқыланып, қорытындылар бекітілді.

Атап айтқанда, Салық Кодексіне коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдарға салық салу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу жөнінде және 1993 және 2002 жылдардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы конвенцияларға өзгерістер енгізу хаттамаларын ратификациялау туралы заң жобалары қаралды. Мәжіліс Бюросының қорытындысы сөз болып, ағымдағы мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, жиын аясында бірқатар комитет мүшелері ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін медалімен марапатталды.


ПІКІРЛЕР
0