Қазақстан парламенттік делегациясы Беларуське ресми сапармен барды
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстанның парламенттік делегациясы Беларусь Республикасына ресми сапармен барды. Делегация құрамында «Ауыл» партиясының Төрағасы, Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев бар.
Қазақстандық парламенттік делегацияның Беларусь Республикасына ресми сапары екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталды. Сапардың басты мақсаты - экономикалық серіктестікті нығайту, өндірістік кооперацияны дамыту және парламенттер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту.
Іссапар аясында делегация мүшелері Ұлы Отан соғысына арналған естелік орындарға гүл шоқтарын қойып, тарихи тағзым рәсіміне қатысты. Сондай-ақ бірқатар ірі кәсіпорындар, оның ішінде БЕЛАЗ өндірістік кешені араланды.



Фото: www.belta.by
