Сапар барысында Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов пен Қырғызстан Парламентінің басшысы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, ауыл шаруашылығы, туризм және «жасыл» энергетика салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысында тараптар заң шығару саласында тәжірибе алмасуды жалғастырып, өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер бойынша сындарлы диалогты одан әрі дамытуға дайын екендерін растады.
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық пен стратегиялық әріптестік бауырлас халықтардың игілігі жолында нығая береді.
