Шымкент қаласында жастар арасында жаңа Конституцияны қолдауға арналған «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндік!» атты велошеру өтті.
Іс-шараны «Ауыл» партиясы мен Шымкент қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.
Науқанның басты мақсаты – Наурыз мейрамы аясында жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, Конституциялық реформалардың маңызын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Велошеру Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион аумағынан басталып, Асанбай Асқаров атындағы дендросаябаққа дейін жалғасты. Жалпы қашықтық шамамен 5 шақырымды құрады.
Шарада 100-ге жуық қатысушы болды.
