Бүгін Республикалық референдум аясында Қосшы қаласында ауқымды патриоттық бастама іске асырылды. «Ауыл» партиясының басшылығы, белсенділері және орталық аппарат қызметкерлері сайлау учаскесіне қазақтың дәстүрлі киімімен келіп, жоғары азаматтық белсенділік пен ұлттық құндылықтарға адалдығын көрсетті.
Ұжымдық дауыс беру шарасы саяси науқанды нағыз ұлттық мерекеге айналдырып, күннің жарқын оқиғасына айналды. Қатысушылар ұлттық киім кию бойынша басталған челленджді іс жүзінде жүзеге асырды.
«Бүгінгі дауыс беруге қатысуымыз - бұл елдің тұрақты болашағы үшін жасалған саналы таңдауымыз. Біз ұлттық киіммен келу арқылы бірлігіміз бен тамырымызға деген құрметіміз - мемлекетіміздің іргетасын нығайтатын басты күш екенін көрсеткіміз келді», - деп атап өтті «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев.
