12 маусым 2026
Ауыл партиясы
«Ауыл» партиясы чемпиондарымыздың мақтанышы, еліміздің абыройын асқақтатқан Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына қабылдануымен шын жүректен құттықтайды!

«Ауыл» партиясы чемпиондарымыздың мақтанышы, еліміздің абыройын асқақтатқан Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына қабылдануымен шын жүректен құттықтайды!

12 маусым 2026Автор

Бұл – партия мүшелері үшін ерекше қуаныш пен зор мақтаныш. Геннадий Головкин өзінің талантымен, еңбекқорлығымен, қайсарлығымен және жеңіске деген жігерімен Қазақстанның атын әлемге танытып, жас ұрпаққа үлгі бола білді.

Геннадий Головкиннің Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет  осындай жоғары әрі мәртебелі халықаралық құрметке ие болуы – баршамыз үшін үлкен мақтаныш. Бұл айтулы жетістік қазақстандық спорттың әлемдік деңгейде мойындалғанының тағы бір айқын дәлелі.

Геннадий Головкин – биік адамгершілік қағидаттары мен құндылықтарды ұстанатын азамат. Оның өмір жолы, өз ісіне адалдығы және Отанға деген сүйіспеншілігі «Ауыл» партиясының идеалдары мен қоғамдық басымдықтарымен үндеседі және зор құрметке лайық.

«Ауыл» партиясы Геннадий Геннадьевичке зор денсаулық, отбасы амандығын, жаңа жетістіктер мен ел игілігі жолындағы қызметіне толағай табыс тілейді.

Біз өз чемпионымызды мақтан тұтамыз және қазақстандық спорттың даңқы бұдан әрі де артып, нығая беретініне сенімдіміз!

ПІКІРЛЕР
0