«Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаевқа 2025 жылдың сәуір айында ғарышта болған партияның туы табысталды.
2025 жылғы 8 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағының №31 алаңынан «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы мен «Союз МС-27» басқарылатын кемесі сәтті ұшырылды.
Ғарыш сапары барысында ғарышкерлер Сергей Рыжиков, Алексей Зубрицкий және Кирилл Песков «Ауыл» партиясының туын көтеріп, партияның 25 жылдығына арналған бейнеқұттықтау жазды.
Бүгін ғарышта болғанын растайтын ресми мөрі басылған және экипаж мүшелерінің қолтаңбалары қойылған осы тарихи ту партия Төрағасына салтанатты түрде табысталды.
