30 мамыр 2026
«Ауыл» - ақпарат
Жамбыл облысында республикалық «Auyl Jastary» форумы өтті

Жамбыл облысында республикалық «Auyl Jastary» форумы өтті

30 мамыр 2026Автор

29–30 мамыр күндері Жамбыл облысы Тараз қаласындағы «Талбесік» этноорталығындареспубликалық «Auyl Jastary» форумы өттіАуқымды алаң еліміздің барлық өңірлеріненкелген 300-ге жуық белсенді ауыл жастарын бірарнаға тоғыстырыпжаңа идеялар мен бастамалардың орталығына айналды.

Форумның негізгі мақсаты – ауыл жастарыныңәлеуетін ашукөшбасшылық қасиеттерін дамытужәне өңірлер арасындағы ынтымақтастықтынығайту.

Форумды ашқан Қазақстан РеспубликасыПарламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлықмәселелер комитетінің және «Ауыл» партиясыныңТөрағасы Серік Егізбаев қатысушы жастардыеліміздің болашағы үшін аса маңыздыбағыттардың бірі – жасанды интеллект пен цифрландыру саласына белсенді араласуғашақырды:

«Мемлекет басшысы бастамашылық еткенауқымды саяси реформаларсондай-ақ 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануы ең алдымен жастарғабағытталған және олардың мүддесі үшін жүзегеасырылудаБұдан бөлекмемлекеттік саясат жасұрпақтың әлеуетін толық ашуғаөз идеялары мен бастамаларын жүзеге асыруғажан-жақты өзін-өзідамытуына және жеке әрі ел дамуына үлесқосуына жағдай жасауға бағытталған.

Осы мақсатта республикалық жастар форумы өткізіліп отырБұл – еліміздің барлық өңірлеріненкелген дарынды әрі бастамашыл жастардыбіріктіретінтәжірибе алмасуғажаңа идеяларқалыптастыруға және ауылдық аумақтардыдамыту мен цифрлық трансформация үдерістеріне жастарды тартуға бағытталғанпрактикалық шешімдер ұсынатын алаң», – дедіол.

Құттықтау сөзімен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерболат Саурықов, Мұқаш Ескендіров және Әбутәліп Мутәлі, «Ауыл» партиясының республикалық жастар қанаты «Auyl Jastar» төрағасы Дәурен Рахымбек, «Hackathon 3.0» республикалық байқауының жеңімпазы Асқар Рахым, өңірлік жастар форумдарының AI-менторы Наталья Абрамова, креатив және жастармен жұмыс департаментінің директоры Мақсадбек Абдужаббаров сөз сөйледі.

Форумның бірінші күнінде қатысушыларарасында командалық рухты нығайту мақсатындатимбилдинг, делегаттардың шығармашылық кешісондай-ақ жастар үшін әуе шарымен ұшуұйымдастырылды.

Екінші күні форум «AI Education TalksБілімгежаңа көзқарас», «Business TalksИдеядантабысқа» және «Motivation TalksЖастарғасерпін» атты білім беру және мотивациялықкездесулермен жалғастыЕкі күн бойықатысушылар технология, жасанды интеллект, кәсіпкерліктұлғалық даму және қоғамдықкөшбасшылық салаларындағы тәжірибеліспикерлердің дәрістерін тыңдаппрактикалықсессиялар мен ашық пікірталастарға қатыстысондай-ақ тәжірибе мен жаңа идеяларменалмасты.

AI Education Talks секциясында қатысушыларалдында Қазақстан Республикасы ПарламентіМәжілісінің депутаты Ерболат Саурықовкітапсүйер және блогер Хамит Ердехансондай-ақDaryn Teacher Group компаниясының директоры Ерлан Абдиманапов сөз сөйледі.

Business Talks секциясында мотивациялықбаяндамалармен агрофермер Жулдыз Гафароважеке кәсіпкер және Алматы облыстықмәслихатының депутаты Жанат Алтангадас, «Аграрлық несие корпорациясы» Жамбыл облыстық филиалының несие бөлімінің басшысыМирас Ағәділ сөз сөйледі.

Motivation Talks алаңында Capable group жәнеKhazret group негізін қалаушы Хазрети-Али Оразалиев, сондай-ақ қазақстандық театр жәнекино актері Жасұлан Көпберген сөз сөйледі.

Форум аясында жастардың бастамашылдығымен командалық өзара іс-қимылын дамытуғаерекше көңіл бөліндіБағдарлама мотивациялықкездесулердіпікірталастардысеминарлар мен тренингтердісондай-ақ командалық ойындардықамтыпқатысушылардың практикалық білім мен командалық жұмыс дағдыларын жетілдіругебағытталдыІс-шара барысында қатысушыларауылдың болашағына қатысты өзекті мәселелердіжәне ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа тәсілдерінталқылап, оны дамытуға арналған жаңа идеяларқалыптастыруға үлес қосты.

Осы орайда Жамбыл облысынан келгенфорум қатысушысы Едіге Өсер мұндай форумдаржаңа таныстықтар мен жаңа мүмкіндіктерге жолашатын алаң екенін атап өтті:

«Мен Қостанай қаласында өткен жастарфорумына қатысыпжасанды интеллект саласындағы білімімді тереңдетіпқұндыпрактикалық тәжірибе алдымКейін осы алғандағдыларымды ветеринария саласындағыстуденттер мен болашақ мамандарға арналғанреспубликалық кәсіби шеберлік байқауы VetPro-да қолданыпқұрметті II орынды иелендімСондықтан мұндай іс-шаралар жастарға өзәлеуетін ашуға және нақты нәтижелерге қолжеткізуге күшті серпін береді деп есептеймін», – деді.

Іс-шараға «Ауыл» партиясының жастарқанатының белсенділерістуденттік жасақтардыңкөшбасшылары, жас мәслихат депутаттарыпартияның кадрлық резерв мүшелеріқоғамқайраткерлерітанымал блогерлер және арнайышақырылған қонақтар қатысты.

«Auyl Jastary» форумы – ауыл жастарынбіріктіретін маңызды диалог алаңы ғана емессонымен қатар жаңа буын көшбасшыларынқалыптастыруға бағытталған ауқымды бастама. Форум жастардың заманауи білім мен технологияларды меңгеріп, ел дамуына үлесқосатын белсенді әрі жауапты орта қалыптастыруды көздейді.

Кештің жарқын қорытындысы жастарғаарналған «Auyl Party» концерттікбағдарламасы болдыСахнада қазақстандықэстрада жұлдыздары – Мөлдір ӘуелбековаТұрарЫдырысЖасұлан Көпберген, Абзал Өтешовжәне Болат Қобыланды өнер көрсетті.


«Ауыл» партиясы алдағы уақытта да жастардың зияткерлік әлеуетін ашуға бағытталғаносындай бастамаларды жүйелі түрде дамытудыжалғастырады.

ПІКІРЛЕР
0