6 сәуір 2026
Агро-жаңалық
Шымкентте «AUYL FEST. Балық аулау - 2026» өтеді

Шымкентте «AUYL FEST. Балық аулау - 2026» өтеді

6 сәуір 2026Автор

10 сәуірде киелі Түркістан өңірінде балық аулау спортынан тұңғыш рет халықаралық деңгейдегі ауқымды турнир өтеді. Түркістан облысының әкімдігі мен «Ауыл» партиясы бірлесе ұйымдастырған бұл жоба өңірдегі балық шаруашылығын дамыту мен эко-туризмді насихаттаудың тиімді тетігіне айналмақ. Фестивальдің басты мақсаты - Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын әртараптандыру және ауылда жоғары табысты бизнес бағыттарын енгізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру. Бүгінгі таңда балық шаруашылығы, соның ішінде индустриялық аквамәдениет - ауыл халқының табысын арттырудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалып отыр. Турнир аясында: Кәсіби сайыс: Қатысушылар балық аулаудың үш түрі (қармақ, спиннинг, фидер) бойынша халықаралық ережелерге сәйкес сайысады. «Rauan Ranch» кубогы: «Rauan Ranch» демалыс базасының бірегей су айдынында ең ірі балықты аулаған жеңімпазға арнайы сыйлықтар табысталады. Марапаттау және мәдени бағдарлама: Турнир барысында балықшылар арасында «Ең жас балықшы», «Ардагер балықшы» және «Ең алғашқы олжа» сияқты қызықты номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталады.


Күні: 2026 жылғы 10 сәуір, 08:00 

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, «RAUAN RANCH» демалыс базасы (Тамерлан тас жолы,54/7)

ПІКІРЛЕР
0