Наурыз мейрамы күні Петропавл қаласында халықаралық түркі этномәдени «AUYL FEST. ҚАЗ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2026» фестивалі өз жұмысын жалғастырды. Ауқымды шара қаладағы басты алаңды мыңдаған тұрғындар мен қонақтардың басын қосқан нағыз тартылыс орталығына айналдырды.
Дәстүр мен қонақжайлықтың эстафетасы
Алғашқы күннің сәтті бастауынан кейін фестиваль жаңа қарқын алды. Салтанатты ашылуға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов және «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов қатысты.
«Кеше біз кәсіби диалогтың негізін қаладық, ал бүгін фестиваль шынайы халықтық сипатқа ие болды. «Ауыл» партиясы ауыл шаруашылығы тек экономика ғана емес, ұрпақтарды біріктіретін тірі мәдениет екенін көрсетуді мақсат етеді», — деді Қайрат Айтуғанов.
22 наурыздағы бағдарлама мазмұнды әрі көрерменге қызықты форматтарға толы болды:
«Қаз жарысы»
Күннің ең көп күткен шарасы жүздеген көрерменді жинады. Ерекше сайыс тек тартысқа толы болуымен емес, құс өсірушілердің шеберлігін де айқын көрсетті.
Спорттық серпін
Қала алаңы ұлттық ойындардың орталығына айналды. «Қалашық» және «Корнхол» ойындары бойынша ашық турнирлер өтіп, оған кәсіби спортшылармен қатар әуесқойлар да қатысты.
Тұқымдар шеруі
Арнайы көрмеде қаздың асыл тұқымдары, сондай-ақ өзге де үй жануарлары мен құстары таныстырылды. Бұл келушілерге отандық селекция жетістіктерін көзбен көруге мүмкіндік берді.
«Даладан дастарқанға» жәрмеңкесі
Фермерлік өнімдер жәрмеңкесінде қонақтар жаңа әрі табиғи өнімдерді тікелей өндірушілерден сатып алды.
Наурыз рухы
Күні бойы алаңда әсем әуендер шырқалып, концерттік бағдарлама мерекелік көңіл күй сыйлады. Ал фудкорт аймағында ұлттық тағамдар ұсынылып, қазақ даласының кең пейілді қонақжайлығы айқын көрініс тапты.
«AUYL FEST. ГУСЕВОДСТВО – 2026» фестивалі Петропавл қаласының еліміздегі құс шаруашылығын дамытудағы маңызды орталықтардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. «Ауыл» партиясы алдағы уақытта да осындай жобаларды кеңейтіп, ауыл еңбеккерлерін қолдауды және аграрлық саланы жастар арасында насихаттауды жалғастырмақ.
