29 сәуір 2026
«Ауыл» - ақпарат
«Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» атты республикалық агрохакатон өтеді

«Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» атты республикалық агрохакатон өтеді

29 сәуір 2026Автор

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2026 жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» болып жарияланды.

Осы орайда «Ауыл» партиясы «Acapedia» компаниясымен бірлесіп, үшінші мәрте тұрақты даму, жасанды интеллект және автоматтандыру мәселелеріне арналған «Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» атты республикалық агрохакатонын өткізуде.

Аталған жоба бүгінде дәстүрлі форматқа айналып, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды жастарды біріктіріп келеді.

Агрохакатон өңірлік және республикалық кезеңдерден тұрады. Еліміздің 20 өңірінде өткізілген өңірлік кезеңде 350-ден астам өтінім қабылданып, жалпы 1200-ге жуық мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Іріктеу нәтижесінде 70 қатысушыдан құралған 20 команда финалға жолдама алып, өз жобаларын республикалық деңгейде таныстыру мүмкіндігіне ие болды.

Интеллектуалды марафон аясында жас қатысушылар технология, ғылым және экология бағытындағы жобаларын ұсынады. Қатысушылар креативті ойлау қабілетін, аналитикалық дағдыларын және агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелерді шешуде білімдерін тиімді қолдана білетінін көрсетеді.

Жобаларды таныстыру қорытындысы бойынша I, II және III орын иегерлері анықталып, жеңімпаздарға өз жобаларын одан әрі жүзеге асыру және дамыту үшін ақшалай сыйлықтар табысталады.

ПІКІРЛЕР
0