Жалпы отырыста Достастық елдері арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиын барысында ТМД-ның өңірлік ынтымақтастықтағы рөліне ерекше тоқталып, Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси жаңғырулар мен конституциялық реформалардың нәтижелері таныстырылды.
Көлік-логистика саласындағы байланысты нығайту, бірыңғай цифрлық дәліз қалыптастыру, көші-қон үдерістерін реттеу, жасанды интеллектіні қауіпсіз пайдалану, сауда кедергілерін жою және трансшекаралық су ресурстарын тиімді басқару мәселелерін талқыланды
