3 сәуір 2026
Агро-жаңалық
6 сәуірден бастап диқандар жеңілдетілген бағамен техника алуға өтінім бере алады

6 сәуірден бастап диқандар жеңілдетілген бағамен техника алуға өтінім бере алады

3 сәуір 2026Автор

«ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникасын лизингке берудің екі бірдей тиімді бағдарламасын іске қосады. 2026 жылғы 6 сәуір сағат 10:00-ден бастап еліміздің аграршылары «Өз жем-шөбіміз» және 6% «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламалары бойынша өтінім жолдай алады.

Биылғы маусым алдында шаруаларға қолдау көрсету мақсатында ұсынылып отырған жобалардың талаптары төмендегідей:

1. «Өз жем-шөбіміз» бағдарламасы

Бұл бағдарлама мал азығын дайындаумен айналысатын шаруашылықтарға арналған. Ол арқылы отандық және шетелдік өндірістің жем-шөп дайындайтын техникасы мен мобильді суару жүйелерін алуға болады.

Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 6%;

Мерзімі: 10 жылға дейін;

Алғашқы жарна: 15%-дан басталады.


2. 6% «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы

Отандық ауыл шаруашылығы техникасын (өзі жүретін техникалар) қолдауға бағытталған бірегей жоба. Басты артықшылығы — бастапқы жарнаның болмауы.

Алғашқы жарна: 0%;

Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 6%;

Мерзімі: 10 жылға дейін.

Анықтама: Қаржыландыру шарттары мен қажетті құжаттар тізімі туралы толық ақпаратты компанияның реми сайтынан www.kaf.kz білуге болады.

ПІКІРЛЕР
0