15 сәуір 2026
Агро-жаңалық
Мәжіліс селекциялық саланы дамытуға бағытталған заңды қарайды

Мәжіліс селекциялық саланы дамытуға бағытталған заңды қарайды

15 сәуір 2026Автор

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы және «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев селекция саласын түбегейлі жақсартуға бағытталған заң жобасының әзірленгенін хабарлады, деп хабарлайды auylmedia.kz.

ҚР Парламенті Мәжілісінің кезекті отырысында Серік Егізбаев «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» жаңа заң жобасын жұмысқа алуға бастамашылық жасады. Депутаттың айтуынша, заңның қабылдануы инвестициялық тартымдылық пен экспортты арттыруға мүмкіндік береді.

Отырыс қорытындысы бойынша Мәжіліс депутаттары заң жобасын қарау туралы оң шешімді бірі ауыздан қабылдады.

ПІКІРЛЕР
0