Монголия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында екі елдің мемлекет басшылары БАҚ өкілдері үшін бірлескен брифинг өткізді, деп хабарлайды auylmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ухнаагийн Хурэлсухтың бұл сапары біздің еліміз үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Өйткені Қазақстан үшін Монголия — маңызды өңірлік серіктес әрі сенімді көрші.
Сонымен қатар, брифинг барысында Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне тоқталды.
«Елдеріміз ауыл шаруашылығына, әсіресе, мал шаруашылығына айрықша мән береді. Қазіргі заманда мал өнімдерінің халықаралық стандарттарға сай әрі қауіпсіз болуы аса маңызды. Қазақстанда мал ауруына қарсы тиімді вакцина өндірісі жолға қойылған. Біз еліміздің вакциналарын Моңғолияға жеткізу, болашақта бірлескен өндіріс орындарын ашу мүмкіндігін қарастыруға мүдделіміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
