25 маусым 2026
Агро-жаңалық
Қазақстан мен «Ростсельмаш» стратегиялық әріптестікті нығайтуда

Қазақстан мен «Ростсельмаш» стратегиялық әріптестікті нығайтуда

25 маусым 2026Автор

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Таласбек Қанафин мен «Ростсельмаш» компаниясының бас директоры Александр Виноградов өндірісті жергіліктендіру деңгейін одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.

Таласбек Қанафин отандық ауыл шаруашылығы машина жасау саласын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, бірлескен жобалардың еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін (АӨК) нығайтудағы рөліне тоқталды.

«Машина-трактор паркін уақытылы жаңарту министрліктің негізгі басымдықтарының бірі. «Ростсельмашпен» бірлескен өндіріс жобалары өз тиімділігін айқын дәлелдеп келеді. Ынтымақтастық орнаған уақыттан бастап Көкшетауда жүздеген жұмыс орны құрылып, отандық аграршылар бәсекеге қабілетті бағамен сенімді комбайндар мен тракторларға қол жеткізді.

Осыған байланысты біз өндірісті жергіліктендіруді тереңдету, заманауи цифрлық жүйелерді енгізу және сервистік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі жоспарларды қолдаймыз», – деді вице-министр.

Өз кезегінде Александр Виноградов Қазақстанмен ынтымақтастық компания қызметінің негізгі стратегиялық бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

«Біздің көпжылдық әріптестігіміз – бұл жай ғана техника жеткізу емес, ел ішінде сапалы өнім өндіруге мүмкіндік беретін терең өнеркәсіптік кооперация. Біздің мақсатымыз – қазақстандық аграршыларға заманауи әрі қолжетімді агротехнологиялық шешімдер ұсыну.

Біз жаңа техника үлгілерін жергіліктендіру үдерісіне инженерлік және технологиялық әлеуетімізді жұмылдыруға дайынбыз. Осы арқылы өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бірлесіп үлес қосуды көздейміз», – деді «Ростсельмаш» компаниясының бас директоры.

Қазақстан мен «Ростсельмаш» арасындағы ауыл шаруашылығы техникасын бірлесіп өндіру саласындағы кооперация 2019 жылдан бері Көкшетау қаласындағы екі ірі кәсіпорын – «Kazrost Engineering Ltd.» ЖК және «Қазақстандық агроинновациялық корпорация» серіктестігі (ҚАИК) базасында жүзеге асырылып келеді. Осы кезең ішінде жобаларға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 35 млн АҚШ долларынан асты, ал өндірісте еңбек ететін қызметкерлер саны 350 адамға жетті.

Қазіргі уақытта Қазақстанда VECTOR 410KZ, ACROS 550, ACROS 595 Plus және T500 астық жинайтын комбайндарының, сондай-ақ «Ростсельмаш 2400» жоғары қуатты тракторының өндірісі жергіліктендірілген.

2023 жылы қазақстандық кәсіпорындар 536 «Ростсельмаш» комбайны мен 168 трактор өндірді. 2024 жылы өндіріс көлемі 653 комбайн мен 193 тракторға жетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 600-ден астам техника бірлігі шығарылды. Ал 2026 жылдың алғашқы бес айында 280-нен астам техника бірлігі өндірілді.

Кездесу қорытындысында Таласбек Қанафин мен Александр Виноградов өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі дамытуға және Қазақстанның машина-трактор паркін отандық құрастырылған заманауи техникамен жаңартуды қарқынды жүзеге асыруға ынталылық білдірді.

Тараптар өндірісті жергіліктендіруді тереңдету, сервистік инфрақұрылымды дамыту және агроөнеркәсіп саласына цифрлық инновациялық шешімдерді енгізу бағытындағы бірлескен жұмысты тиімді жалғастыруға уағдаласты.

ПІКІРЛЕР
0
Бөлім жаңалықтары
Қазақстан мен Грузия арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 77%-ға артты
Қалдықтан - құнды ресурсқа: Атырауда пластик қалдықтар сұранысқа ие өнеркәсіптік өнімге айналады
Көмір химиясы мен АӨК-тегі жаңа жобаларға инвестиция: Серік Жұманғарин Қытайдың ірі корпорацияларымен келіссөз жүргізді
Қазақстан мен Алжир су ресурстары саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жол картасын әзірлемек
ЕАДБ «Азық-түлік корпорациясына» 100 млн АҚШ доллары көлемінде кредиттік желі ашады
Қазақстан мен АҚШ қар жамылғысын әуе арқылы мониторингтеу және су тасқынының алдын алу жөніндегі кезең-кезеңімен іске асырылатын бағдарламаны пысықтап жатыр
Ақмола облысында жасымық өңдеу цехы салынуда
Қазақстанда мал шаруашылығын жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламалары енгізілді