Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі Мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды.
Комиссия жобаларды іске асырудың барлық кезеңін – жоспарлау мен қаражат бөлуден бастап нысандарды пайдалануға беруге дейін бақылайды. Оның міндеттеріне жобалардың мерзімі мен құнын, мемлекеттік сатып алулардың заңдылығын бақылау, сондай-ақ тәуекелі жоғары жобаларды анықтап, оларды жою шараларын әзірлеу кіреді.
Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлер мен бизнес өкілдері, сондай-ақ Құрылтай депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов кірді.
