17 ақпан 2026
«Ауыл» - ақпарат
Жастар ұйымдары ауыл жастарының салауатты өмір салты үшін жаңа серіктестік бастады

Жастар ұйымдары ауыл жастарының салауатты өмір салты үшін жаңа серіктестік бастады

17 ақпан 2026Автор

Бүгін «Ауыл» партиясы жанындағы «Auyl Jastary» республикалық жастар қанаты мен «Медицина жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандумға «Auyl Jastary» жастар қанатының төрағасы Дәурен Рахымбек және «Медицина жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абылайхан Әбдірәш қол қойды.

Құжаттың негізгі мақсаты - тараптар арасында кеңес беру және ақпараттық қолдау көрсету арқылы ұзақ мерзімді әрі жүйелі ынтымақтастық орнату.

Меморандум аясында тараптар республикалық, облыстық және аудандық деңгейде бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруды, ауыл тұрғындарына арналған онлайн және офлайн білім беру жобаларын іске асыруды, салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігін насихаттауды, бұқаралық спортты дамыту мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ ауқымды экологиялық сенбіліктер өткізу, ардагерлерге, жалғызбасты және қарт адамдарға көмек көрсету, ауыл оқушыларына арналған жазғы лагерьлерде белсенді әрі пайдалы демалысты ұйымдастыру көзделген.

Тараптар барлық іс-шараларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, теңқұқылық, ашықтық және адалдық қағидаттары негізінде жүзеге асырады.

Аталған меморандум тараптардың ынтымақтастыққа деген ниетін білдіретін декларативті құжат болып табылады және қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

ПІКІРЛЕР
0