Жамбыл облысында «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
«Ауыл» партиясының Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы Нуржан Муслимовтың басшылығымен филиалдың Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия ұсынған жаңа Конституция жобасын талқылау. Жиында ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұны, олардың ауылдық аймақтардың дамуына, аграрлық секторға, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне және әлеуметтік саясатқа ықпалы жан-жақты сараланды.
Бұл бас қосу партия ішілік диалог алаңы ғана емес, мемлекеттік маңызы бар реформаларға қатысты ортақ пікір қалыптастыру.
