11 ақпан 2026
«Ауыл» - ақпарат
Шаруаларға субсидия бойынша берешек мәселесі Серік Егізбаев төрағалық еткен комитет отырысында қайта қаралды

Шаруаларға субсидия бойынша берешек мәселесі Серік Егізбаев төрағалық еткен комитет отырысында қайта қаралды

11 ақпан 2026Автор

Шаруалар алдындағы субсидиялар бойынша берешек мәселесі Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаевтың басшылығымен өткен аталған комитеттің кезекті отырысында тағы да күн тәртібіне шығарылды. Комитет отырысына ҚР Парламенті Мәжілісінің Төраға орынбасары Альберт Рау қатысты.

Шаруалар алдындағы субсидиялар бойынша берешек мәселесі әлі де шешімін таппай отыр. Мемлекет тарапынан қаражат қарастырылғанымен, бірқатар өңірлік әкімдіктер қарызды өтеуге мүдделі емес сыңайлы. Егістік науқанын ескеру қаперінде жоқ, қыркүйекке дейін әйтеуір бір өтерміз, - деген позиция ұстанып отырған-сынды.

Айта кетерлігі, аталған мәселе жайында Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының депутаттары бірнеше дүркін депутаттық сауал жолдаған болатын. Ауыл шаруаларының жанайқайы агрокомитет отырыстарында да бірнеше рет көтеріліп, қызу талқыланған еді.

Кеше шаруалар алдындағы субсидиялар бойынша берешек мәселесі Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаевтың басшылығымен өткен аталған комитеттің кезекті отырысында тағы да күн тәртібіне шығарылды. Комитет отырысына ҚР Парламенті Мәжілісінің Төраға орынбасары Альберт Рау қатысты.

Бүгінде агроөнеркәсіптік кешендегі субсидияның жалпы берешегі 391 млрд теңгеге жеткен. Биыл бюджеттен қарыз өтеміне арнайы қаражат қарастырылып, тіпті бір бөлігі аймақтарға аударылғанына қарамастан, әкімдіктердің салғырттығы салдарынан, шаруалар берешегі өтелмей отыр.

Аталған мәселеге қатысты сала министрлігінің келте қайырған қысқа есебі депутаттар қауымын қанағаттандырмады. Шуы ағытылған шулы мәселенің шешімін шұғыл қарастырып, Парламенттің пленарлық отырысына ауыл шаруашылығы министрін шақыру жайында бірауыздан ұйғарым жасалды. Тіпті, берешек мәселесі шешілмеген нақты облыстардың әкімдерін де жауапқа шақыру қажеттілігі сөз болды.

Комитет отырысында, жалпы алғанда күн тәртібінде 7 мәселе қаралды. Шаруалар алдындағы субсидиялар бойынша берешек мәселесімен қатар, жер қатынастары саласындағы кейбір заңға тәуелді актілерді қолдану барысы талқыланды.

Сондай-ақ, басқа комитеттерден келіп түскен заң жобалары бойынша қорытындылары бекітілді, комитеттің алдағы іс-шараларына дайындық барысы мен Мәжіліс Бюросы отырысының қорытындылары сөз болды.

ПІКІРЛЕР
0