«Ауыл» партиясы әйгілі «Еділбай» қой тұқымының отаны – Батыс Қазақстан облысында Екінші халықаралық « AUYL INVEST FEST. Қой шаруашылығы» фестивалін ұйымдастырады. Бұл бірегей іс-шара дәстүрлер мен инновацияларды біріктіріп, әлемнің 4 елінен – АҚШ, Венгрия, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген қой шаруашылығы саласының үздік өкілдерін жинайды.
Іс-шара аясындағы бағдарламада:
- «AUYL INVEST FEST. Қой шаруашылығы 2.0» атты Халықаралық фестивальдің форумы
- Қой шаруашылығы саласындағы жетістіктер көрмесі
- Студенттік жастар жасақтарын салтанатты шығарып салу
- Қой жүнінен тігілген киімдер сән көрсетілімі, дефиле және табиғи қой терісінен тігілген киімдер байқауы, коллекциялардың жәрмеңкесі
- Еттің хас шеберлерінің қатысуымен өтетін қой еті мен қозы етінен жасалған тағамдар кулинарлық байқауы
- Қазақтың тазы және төбет тұқымды иттерінің көрмесі
- Ұлттық ойындар мен этноспорт түрлері: садақ ату, асық ату, тоғызқұмалақ, қошқар көтеру, хан талапай, бес асық, ләңгі тебу, арқан тарту
- Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама
Фестиваль тек жарқын этномәдени шара ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі маңызды бағыттардың бірі болып саналатын қой шаруашылығын дамыту мен инвестиция тартуға арналған тиімді алаң болмақ.
Күні: 2026 жылғы 23-24 мамыр, 09:00
Мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Тұңғыш Президент алаңы
