19 наурыз 2026
Агро-жаңалық
Петропавлда «AUYL FEST. ҚАЗ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2026» фестивалі өтеді

Петропавлда «AUYL FEST. ҚАЗ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2026» фестивалі өтеді

19 наурыз 2026Автор

21–22 наурыз күндері «Ауыл» партиясы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп II Халықаралық «AUYL FEST. ҚАЗ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2026» фестивалін өткізеді.

Фестиваль мақсаты - Қазақстан халқының достығын, ынтымақтастығын нығайту, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніне инвестиция тарту, ауыл тұрғындарының арасында қаз өсіруді насихаттау. 

«Auyl Fest. Қаз шаруашылығы» фестивалі аясында Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарының жетекші қаз өсірушілерінің, қаз, құрама жем, ветеринариялық және витаминдік  препараттар жеткізіп берушілердің,  мамық, қауырсын және сою өнімдерін өңдеушілердің қатысуымен форум мен көрме өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Петропавл қаласы жетекші аспазшыларының қатысуымен дәстүрлі қаз тағамдары аспаздық байқаулары және этно-фольклорлық ансамбльдер концерті, ұлттық ойындар ұйымдастыру жоспарлануда.


Сондай-ақ, спикер ретінде Ресей, Франция және Чехия Республикасы елдерінің құс шаруашылығы саласының жетекші өкілдері қатыспақ.

ПІКІРЛЕР
0