ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссия (ВАК) азық-түлік қауіпсіздігі мен мал шаруашылығын қолдауға қатысты бірқатар маңызды шешімдер қабылдады, деп хабарлайды aulmedia.kz Үкіметке сілтеме жасап.
Сиыр етінің экспорты және аналық мал басын сақтау
Мал экспортын реттеу мәселесі басты назарда болды. Ішкі нарықта тапшылыққа жол бермеу және өңдеу саласын қолдау мақсатында ВАК мынадай шешімдер қабылдады:
Ірі қара және ұсақ мүйізді малдың аналық басын сыртқа шығаруға қойылған шектеулерді ұзарту.
Фермерлердің табысы мен отандық ет комбинаттарының жұмысы арасындағы теңгерімді сақтау үшін бұқашықтар мен қозыларды экспорттауға квота белгілеу.
Жұмыртқа және құс еті: импорт бақылауда
Қазіргі уақытта Қазақстанда 70 құс фабрикасы жұмыс істейді, оның 34-і жұмыртқа, 29-ы ет бағытында болса, 7-еуі асыл тұқымды репродукциямен айналысады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауық жұмыртқасын өндіру 2,4%-ға артып, 4 568,5 млн дананы құрады. Ішкі нарықты өз өнімімізбен қамтамасыз ету деңгейі 98%-ға жетіп отыр. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті бұйрықты қабылдайтын болады.
ВАК шешімдері супермаркеттердегі бағаға тікелей әсер етеді. Аналық мал басын экспорттауды шектеу ұзақ мерзімді перспективада жеке ет өндірісін арттыруға мүмкіндік береді, ал бұқашықтар экспортын квоталау фермерлерге елдің азық-түлік қорына зиян келтірмей, валюталық табыс алуға жағдай жасайды.
