30 сәуір 2026
«Ауыл» - ақпарат
АСТАНАДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» 3.0 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АГРОХАКАТОН ӨТТІ

АСТАНАДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» 3.0 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АГРОХАКАТОН ӨТТІ

30 сәуір 2026Автор

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2026 жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» болып жарияланды.

Осы орайда «Ауыл» партиясы «Acapedia» компаниясымен бірлесіп, үшінші мәрте тұрақты даму, жасанды интеллект және автоматтандыру мәселелеріне арналған «Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» атты республикалықагрохакатонын өткізді.

Іс-шараны ашқан «Ауыл» партиясы Төрағасының орынбасары – Орталық аппаратының басшысы Ғалымжан Құсманғали:

«Мемлекет басшысы бастамашы болған ауқымды саяси реформалар, сондай-ақ 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануы, ең алдымен, жастарға бағытталған және олардың мүддесі үшін жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат жас ұрпақтың әлеуетін ашуға, жастарға жан-жақты өзін-өзі дамытуға, өз идеялары мен бастамаларын жүзеге асыруға, сондай-ақ өз әлеуетін жеке дамуы мен ел болашағының игілігі жолында тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жағдай жасауға бағытталған.

Дәл осы мақсатта агрохакатон өткізілуде. Бұл – еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға арналған заманауи технологиялық шешімдерді ұсынуға дайын талантты әрі бастамашыл жастарды біріктіретін алаң. Хакатон жас мамандардың инновацияларға, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектке деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ Қазақстан ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына үлес қоса алатын перспективалы идеяларды тәжірибеде жүзеге асыруға жағдай жасауға бағытталған», – деп атап өтті.

Аталған жоба бүгінде дәстүрлі форматқаайналып, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды жастарды біріктіріп келеді. 

Агрохакатон 2 кезеңнен тұрады: өңірлік және республикалық. Еліміздің 20 өңірінде өткізілген өңірлік кезеңде 350-ден астам өтінім қабылданып, жалпы 1200-ге жуық мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Іріктеу нәтижесінде 70 қатысушыдан құралған 20 команда финалға жолдама алып, өз жобаларын республикалық деңгейде таныстыру мүмкіндігін иеленді.

Жобаларды таныстыру қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

I орын – Жетісу облысынан келген команда. Асқар Рахым, Рана Қабылай және Данияр Әділбекұлы «SweetRainbow» жобасымен жеңіске жетті.

II орын Астанадан келген қатысушылар Бердал Жүнісхан мен Нұрхат Абдуға «SENTRA» жобасы үшін берілді.

III орынды Алматы қаласынан НарминахонИмангалиева «AuaLine» жобасымен иеленді.

Бүгінгі жоба аясында өз идеялары мен инновациялық шешімдерін тек колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері ғана емессондай-ақ дарынды мектеп оқушылары да ұсындыБұл жағдай жас ұрпақтың ғылымғатехнологияларға және аграрлық саланы дамытуғадеген жоғары қызығушылығын айқын көрсетедіБарлық қатысушылар креативті ойлау қабілетінаналитикалық дағдыларын және өз білімдерінөзекті мәселелерді шешуде тиімді қолданабілетінін көрсетті.


«Ауыл» партиясы алдағы уақытта да жастардың зияткерлік әлеуетін ашуға бағытталғаносындай бастамаларды жүйелі түрде дамытудыжалғастыра бермек.

ПІКІРЛЕР
0