21 сәуір 2026
Агро-жаңалық
Алматы облысында жылына 2 мың тоннадан астам жүн өңдейтін зауыт салынады

Алматы облысында жылына 2 мың тоннадан астам жүн өңдейтін зауыт салынады

21 сәуір 2026Автор

Өңірде қой жүнін терең өңдеуге арналған өнеркәсіптік кәсіпорын құрылысы басталды, деп хабарлайды auylmedia.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. Құны 1,2 млрд теңгені құрайтын «Мерген Холдинг» компаниясының инвестициялық жобасы отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға және аймақтың қайта өңдеу секторын нығайтуға маңызды серпін береді.

Жалпы аумағы 3 мың шаршы метр болашақ өндірістік кешен заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталған. Кәсіпорын жылына 2 мың тоннадан астам жүн өңдеп, жергілікті мал шаруашылығы ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.

Жоба аясында дәстүрлі текеметтерден бастап көрпелер мен халық тұтынатын өзге де сұранысқа ие тауарлар түрін шығару көзделген. Бұл отандық өнім түрлерін көбейтіп қана қоймай, импортқа тәуелділікті айтарлықтай азайтуға, сондай-ақ «Қазақстанда жасалған» брендімен жоғары қосылған құны бар тауарлардың үлесін арттыратын болады.

ПІКІРЛЕР
0
Бөлім жаңалықтары