Түркістанда «Ауыл» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Төрегелді Қалмұратовтың басшылығымен конституциялық реформаны халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында тұрғындармен кездесу өтті, сондай-ақ азаматтардың пікірін ескеру және қоғамдық талқылауды күшейту болды. Негізгі күн тәртібіндегі мәселе – жаңа Конституция жобасы бойынша алдағы референдумды өткізу мәселесін талқылау.
Кездесудің мақсаты – жаңа Конституция жобасының ережелерін жан-жақты түсіндіру, конституциялық реформаның негізгі бағыттарын талқылау, сондай-ақ алдағы референдум мәселелері бойынша өңір тұрғындарының ұсыныстары мен пікірлерін жинақтау.
Жиынды аша отырып, «Ауыл» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары Нұрхат Ораш:
«Конституциялық реформалар – қоғам мен мемлекеттің дамуына жаңа серпін беретін маңызды қадам. Олар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ саяси жүйенің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған», – деді.
ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ауыл» партиясы фракциясы аппаратының жетекшісі Жазира Сұлтанқұлова «Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын толық әрі сөзсіз қолдайтынын, оны елдің саяси және қоғамдық дамуы жолындағы аса маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті.
«Еліміздің жаңа Негізгі заңының жобасы азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдардан және жетекші сарапшылардан түскен ұсыныстарды жан-жақты талдау негізінде, сондай-ақ ашық қоғамдық талқылаулардың нәтижелері мен жаңа нормалар мен ережелерді егжей-тегжейлі пысықтауды ескере отырып әзірленді», – деді Ж. Сұлтанқұлова.
