Ауыл партиясы фракциясының кезекті отырысы өтті
Бүгін «Ауыл» партиясының Төрағасы, Мәжілістегі «Ауыл» депутаттық фракциясының жетекшісі Серік Егізбаевтың басшылығымен аталған фракцияның кезекті отырысы өтті. Оның барысында депутаттардың 2026 жылдың 5–13 қаңтар аралығында өңірлерге шығу жоспары талқыланды.
«Ауыл» партиясы фракциясының депутаттары қысқы жұмыс сапары аясында ел аумағындағы 20 өңірді түгел қамтуды мақсат етуде. Жұмыс жоспарында жергілікті кәсіпорындар мен шаруашылықтарды аралау, ауыл-аймақтың тыныс-тіршілігімен танысу, тұрғындармен, шаруалармен кездесулер өткізіп, аграрлық саладағы өзекті мәселелер мен халықты толғандырған сұрақтарды зерделеуді көздеп отыр.
Фракция отырысында, сондай-ақ, ағымдағы мәселелер талқыланды.
