19 ақпан 2026
«Ауыл» - ақпарат
Серік Егізбаев «Stadler Kazakhstan» вагон құрастыру зауытының ұжымымен кездесті

Серік Егізбаев «Stadler Kazakhstan» вагон құрастыру зауытының ұжымымен кездесті

19 ақпан 2026Автор

Мәжіліс депутаты, «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшесі Серік Егізбаев «Stadler Kazakhstan» вагон құрастыру зауытының ұжымымен кездесті.

Ашық диалог барысында алдағы конституциялық өзгерістердің өнеркәсіп саласына, ұлттық экономикаға және еңбек адамының әл-ауқатына әсері жан-жақты талқыланды. 

Ұсынылып отырған конституциялық түзетулер әлеуметтік мемлекет қағидаттарын күшейтіп, азаматтардың еңбек ету құқығын қорғауға, әділ еңбекақы мен қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл нормалар «Stadler Kazakhstan» сияқты жүйеқұраушы кәсіпорындар үшін айқын әрі тұрақты құқықтық орта қалыптастырып, инженерлік әлеуетті дамытуға және өндірісті технологиялық жаңғыртуға серпін береді.

ПІКІРЛЕР
0