«Ауыл» партиясы мен Түркітілдес педагогтар қауымдастығының ынтымақтастығы аясында Ақмола облысы Ақкөл ауданының педагогтарымен кездесу өтті. Іс-шара ұйымдастырылған Ақмола облысы Ақкөл ауданына қарасты Кеңес ауылы мектебінің ғасырлық тарихы бар .
Кездесу аясында білім беру бағытындағы танымдық квиз ұйымдастырылды. «Ауыл» партиясының өкілі Әсел Касымканова Партия төрағасы Серік Егізбаевтың атынан ауыл мектебінің 15 мұғаліміне «Ауыл» партиясына 25 жыл» мерейтойлық медалін табыстады.
Ашылған күнінен бастап тек қазақ тілінде білім беретін аталған мектепте бүгінде 60 оқушы оқиды. Мектеп шәкірттерінің түрлі пәндік олимпиадалар бойынша нәтижелері жоғары. 2025 жылы Шанхай қаласында өткен робототехника бойынша халықаралық байқауда мектептің 5-сынып оқушылары жүлделі орындарға ие болып, облыс бойынша алғашқылардың бірі атанды. Бұл жетістік ауыл мектептерінің әлеуеті жоғары екенін және ондағы білім беру сапасының деңгейін айқын дәлелдейді.
Мектеп директоры Қанди Бақшагүлдің айтуынша, марапатты дәл «Ауыл» партиясынан алу педагогтар үшін ерекше мәнге ие. Себебі ауыл мұғалімдері – елді мекендердің сақталуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан басты тұлғалар.
