15 мамыр 2026
Агро-жаңалық
15 мамырдан бастап бордақылау алаңдарын жеңілдікпен қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталады

15 мамырдан бастап бордақылау алаңдарын жеңілдікпен қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталады

15 мамыр 2026Автор

«Бәйтерек» холдингі компаниялар тобына кіретін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Агробизнес» ауқымды бағдарламасы аясында іске асырылатын «Бордақылау алаңдарын қаржыландыру» шағын бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды. Бұл бастама 2025 жылдан бастап жүзеге асырылуда және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған.


Шағын бағдарлама аясында фермерлер өндірістік циклді қолдау үшін «қысқа» және қолжетімді ресурстарға қол жеткізе алады. Қаржыландыру коммерциялық ресурстар есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте мөлшерлеме жылдық 5% деңгейінде қамтамасыз етілген. Несиелеу мерзімі – 12 айға дейін.


Қаражат айналым қаражатын толықтыруға бағытталған.  Несие сомасының кемінде 70%-ы одан әрі бордақылау үшін ірі және ұсақ қара мал төлдерін сатып алуға жұмсалуы тиіс.


Фермерлер ілеспе шығыстарды (30%-ға дейін) жем-шөп, жанар-жағармай материалдарын, жем дайындау және жем тарату техникасына арналған қосалқы бөлшектерді сатып алуға, сондай-ақ жануарларды сәйкестендіруге арналған чиптер мен биркаларды сатып алуға бағыттай алады.


Қаржыландыру АНК филиалдары арқылы тікелей де, несие серіктестіктері, екінші деңгейлі банктер және микроқаржы ұйымдарының қорландыруы арқылы да қолжетімді.


Бағдарламаға қатысу үшін бордақылау алаңдарының нысандарына минималды қуаттылық бойынша нормативтік талаптар қойылады: ІҚМ үшін алаңның сыйымдылығы кемінде 500 мал орнын, ҰҚМ үшін кемінде 1000 мал орнын құрауы тиіс.


Қарыз алушының Ауыл шаруашылығы басқармасында тіркелген есептік нөмірі, экологиялық қорытындысы болуы керек және серуендеу және жем беру аймақтарының, желден қорғаудың, жылытылатын суағарлардың, карантиндік алаңның және сумен жабдықтау жүйесінің болуы бойынша техникалық стандарттарға сәйкес келуі тиіс.


АНК мемлекеттік қаражаттың пайдаланылуының ашықтығына ерекше назар аударады.


«Бордақылау алаңдарының бағдарламасы – ішкі нарықты сапалы етпен қанықтыруға және сөрелердегі бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік беретін жедел ден қою құралы. Біз фермерлер қымбат нарықтық қаржыландыруды іздеуге алаңдамай, мал мен жем-шөпті жедел сатып алуы үшін қаражатқа қолжетімділікті жеңілдеттік», - деп атап өтті АНК-да.


Кеңес алу және өтінім беру үшін фермерлер бизнес жүргізіп жатқан жер бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның өңірлік филиалдарына жүгінулері қажет.

Бағдарлама шарттары туралы толық ақпарат agrocredit.kz ресми сайтында және 1408 Call-орталығының нөмірі бойынша қолжетімді.

ПІКІРЛЕР
0
Бөлім жаңалықтары