12 ақпанда Алматы қаласында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен «Жаңартылған Конституция – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында сарапшылар форумы өтті.
Іс-шараның мақсаты – жаңартылған Конституция ережелерін жан-жақты сараптамалық талқылау, оны іс жүзінде жүзеге асыру бойынша кәсіби ұсыныстар әзірлеу және 15 наурызда өтетін жаңа Конституция бойынша референдумды қолдау мақсатында сарапшылар қауымдастығының ортақ ұстанымын қалыптастыру.
Жалпы форум алдағы референдумды қолдауға, Конституциядағы негізгі өзгерістер төңірегіне сарапшылар мен жұртшылықты топтастыруға және конституциялық реформа үдерісіне деген сенімді нығайтуға бағытталды.
Форумға мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, сарапшылар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жиналып, жаңартылған Конституцияны талқылады. Қатысушылар оның елдің тұрақты дамуы үшін маңыздылығын атап өтіп, жаңа Конституция бойынша алдағы референдумды бірлесіп қолдағандарын білдірді.
«Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қуаныш Сейтжанов атап өтті:
«Конституцияны реформалау тек қана құқықтық процесс емес, сонымен қатар қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайту мүмкіндігі болып табылады. Әрбір азамат оның мәнін түсініп, алдағы референдумда өз ұстанымын саналы түрде білдіруі маңызды».
Парламентаризм институтының Құқықтық мониторинг және халықаралық тәжірибе орталығының басшысы Меруерт Кабылбаева жаңартылған Конституция елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін берік құқықтық негіз қалайды деп ерекше айтты.
«Ауыл» партиясы Орталық аппаратының орынбасары Айгерім Сарсенбаева:
«Алдағы референдум — қоғамға болашақ мемлекет қалыптасуына белсенді қатысуға мүмкіндік беретін шара. Біздің міндетіміз – азаматтарды ақпараттандыру және реформаны тиімді жүзеге асыруға қолдау көрсету», – атап өтті.
Шара барысында кәсіби пікір алмасуға бағытталған сараптамалық талқылау сессиясы өткізілді.
Кездесудің қорытындыларын РМК «ГИСХАГИ» директоры Нурбол Салыбеков шығарды және қатысушылардың ортақ тұжырымға келгенін атап өтті: жаңа Конституция — қауіпсіз, әділ және тұрақты дамитын мемлекеттің негізін қалауға мүмкіндік беретін стратегиялық таңдау.
Сарапшылар форумы мазмұнды ұсыныстар әзірлеуге, кәсіби диалог орнатуға және ел болашағына қатысты маңызды шешімдерді қабылдауда азаматтардың тікелей қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған алдағы референдумға қоғамдық қолдауды күшейтетін маңызды алаңға айналды.
