19 ақпан 2026
«Ауыл» - ақпарат
Қоғамның бірыңғай ұстанымын қалыптастыру: демократиялық институттарды нығайтудағы Конституциялық реформаның рөлін «Ауыл» партиясы талқылады

Қоғамның бірыңғай ұстанымын қалыптастыру: демократиялық институттарды нығайтудағы Конституциялық реформаның рөлін «Ауыл» партиясы талқылады

19 ақпан 2026Автор

18 ақпанда Астана қаласында сарапшылар мен азаматтық белсенділердің қатысуымен «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияның жұмысы аясында «Конституциялық жоба саяси партиялар мен азаматтық бірлестіктердің көзқарасы тұрғысынан демократиялық институттарды одан әрі дамыту жолындағы ортақ міндеттер, басымдықтар және өзара іс-қимыл тетіктері» тақырыбындағы кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – конституциялық жобаны талқылау және азаматтық қоғамның демократиялық институттарды одан әрі дамытуға қатысты ортақ ұстанымдарын қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдық диалогты нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және 15 наурызда өтетін жаңа Конституция бойынша алдағы референдумды қолдауға бағытталған бірыңғай позицияны қалыптастыру.

Отырысты ашқан «Ауыл» партиясының Астана қаласы бойынша өңірлік филиалының аппарат басшысы Мейрам Мукушев Конституциялық жобаны талқылауда бірлескен пікір алмасу мен ортақ шешімдерге жетуді басты мақсат ету қажеттігін атап өтті.

Саясаттанушы Дина Айкенова демократиялық институттарды дамыту тек заңдарды жетілдіру емес, қоғам мүшелерінің өз ойын еркін білдіруіне жағдай жасау екенін жеткізді.

Саясаттанушы Еламан Елемес қоғам белсенділігінің реформаның табысты болуы үшін шешуші рөл атқаратынын және азаматтық бірлестіктер мен сарапшылардың қатысуы халық мүддесін нақты көрсетуге мүмкіндік беретінін атап көрсетті.

Баяндамалардан кейін қарастырылып отырған тақырып бойынша пікір алмасуға бағытталған талқылау сессиясы өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ортақ тұжырымға келді: жаңа Конституция – қауіпсіз, әділетті және тұрақты дамитын мемлекеттің берік іргетасын қалауға мүмкіндік беретін стратегиялық таңдау.

ПІКІРЛЕР
0