17 наурыз 2026
«Ауыл» - ақпарат
Жаңа Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді

Жаңа Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді

17 наурыз 2026Автор

Бүгін, Ақордада Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға арналған салтанатты жиыны өтті. Іс-шара барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Ата заңымыз 1 шілдеден бастап ресми түрде күшке енеді деп жариялады, деп хабарлайды auylmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.


«Бүгін баршаңыз тарихымыздағы аса маңызды, мән-мағынасы айрықша, ел өмірінде өшпес із қалдыратын оқиғаның куәсі болдыңыздар. Мен Мемлекет басшысы ретінде бүкіл халық атынан Ата заңымызға қол қойдым. Сонымен қатар Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым. Енді Халық Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді. Ал Конституция күнін мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтетін болдық. Еліміздің барша халқына Ата заңымыз құтты болсын дегім келеді», — деді Президент.

ПІКІРЛЕР
0