27 қаңтар 2026
«Ауыл» - ақпарат
Аграрлық комитет отырысында шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері қаралды

Аграрлық комитет отырысында шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері қаралды

27 қаңтар 2026Автор
Аграрлық комитет отырысында шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері қаралд

Бүгін Мәжілісте «Ауыл» партиясы депутаттық фракциясының басшысы, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен аталған комитеттің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде қаралған басты тақырып – Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және оны ұзарту кезінде алынатын алым мөлшерлемелері. Бұл мәселе бүгінде кадр тапшылығын сезініп отырған ауыл шаруашылығы саласы үшін де өзекті болып отыр.

Комитет отырысында алдағы жоспарлар мен жақынарада өтетін іс-шаралар да назардан тыс қалған жоқ. Күн тәртібінде ағымдағы жылдың 29-қаңтарына жоспарланған етті мал шаруашылығын қолдауға бағытталған дөңгелек үстелге дайындық барысы да жан-жақты талқыланды. Онда мал басын көбейту және ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыру жолдары сөз болмақ.

Күн тәртібінде, әдеттегідей, өзге комитеттерден келіп түскен заң жобалары қаралды. Оның барысында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару, рейтингтік қызмет және машина жасауды дамыту секілді т.б өзекті мәселелер қамтылып, қорытындылар бекітілді.

Сондай-ақ, жиын аясында басқа комитеттерден келіп түскен заң жобалары бойынша жауапты депутаттар бекітілген соң, ағымдағы мәселелер талқыланды.

ПІКІРЛЕР
0