9 желтоқсан 2025
«Ауыл» - ақпарат
Мәжіліс пен Ресей Мемлекеттік Думасы арасындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды

Мәжіліс пен Ресей Мемлекеттік Думасы арасындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды

“Ауыл” партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев Мәскеуде өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы арасындағы Палатааралық парламенттік комиссияның XII отырысына қатысты.
9 желтоқсан 2025Автор Автор

Алқалы жиында жоғары деңгейдегі келіссөздер қорытындылары талқыланып, екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері қаралды.

Мәжіліс вице-спикері Альберт Рау атап өткендей, екі ел сауда айналымының тұрақты өсуі 30 миллиард долларлық межеге жақындауға мүмкіндік береді. 2026–2030 жылдарға арналған Кешенді экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы аясында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар бойынша ауқымды бірлескен жобалар іске асырылмақ.

Отырыс барысында тараптар логистика, энергетика, цифрландыру, мәдени-гуманитарлық бағыттардағы өзекті мәселелерді сөз етті.

Серік Егізбаев өз сөзінде астықты терең өңдеу бойынша бірлескен өндірістер құрудың маңызын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникаларын шығару саласындағы кооперацияны кеңейтудің өзектілігін көтерді.

Сонымен қатар, көлік-логистика, газдандыру, атом энергетикасы, миграциялық саясат, жасанды интеллектті реттеу және киберқауіпсіздік мәселелері жан-жақты талқыланды.

Комиссияның тең төрағалары Альберт Рау мен Александр Жуков отырыс қорытындысында қабылданған келісімдер Қазақстан мен Ресей арасындағы көпсалалы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

ПІКІРЛЕР
0