«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы қалалық штабының өкілдері «Үркер» тұрғын алабындағы №12 қалалық емхана қызметкерлерімен кездесті.
Медициналық қызметкерлерге жаңа Конституция жобасының негізгі баптары түсіндіріліп, оның әділдік қағидаттарын күшейтуге, азаматтардың мемлекеттік басқарудағы рөлін арттыруға және елдің тұрақты даму моделін қалыптастыруға бағытталғаны баяндалды.
Кездесу барысында қатысушылар сұрақтар қойып, жаңа Конституциядағы ұсынылған нормалардың денсаулық сақтау саласының жұмысына және дамуына қалай әсер ететінін талқылады.
