Саясаттанушы, қоғам қайраткері Досмахамбет Көшімнің «Auyl Invest Fest. Қой шаруашылығы 2.0» халықаралық фестиваліне қатысты тікелей пікірі:
«Менің ойымша, өте қажетті әрі болашағы бар мәселе көтерген – «Ауыл» партиясы. Әңгіме тек қана асыл тұқымды қой шаруашылығын дамытуда немесе тағы басқа мәселелерде емес. Менің білуімше, бұл бастама кешенді сипатқа ие сияқты. Мұнда жаңа технологияны енгізу, өнімдерді өңдеу мәселесі және цифрлық экожүйе де қамтылған.
Демек, мұндай халықаралық форум, әсіресе, қазақ еліне, қазақтарға керек. Біздің негізгі бағытымыз – кей уақытта оны этноэкономика деп те айтып жүр – ұлттық экономикамыздың басты бағыты саналатын мал шаруашылығы, қайда қашсақ та.
Оның ойынша, қазақтар қойды бірінші орынға қояды.
«Сондықтан осы мәселені «Ауыл» партиясының қолға алып, осындай үлкен халықаралық форум өткізуі, менің ойымша, ең қажетті дүниелердің бірі болып табылады. Әңгіме енді осыдан нәтиже шығара білуде. Осында көтерілген мәселелерді мемлекеттік бағдарлама деңгейінде қабылданатындай дәрежеге жеткізу керек. «Ауыл» партиясы осыны көрсетіп, бастама көтеріп жүргенін байқатты. Ал ар жағы – мемлекеттің міндеті деп ойлаймын», - ол айтты.
