Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан белгілі композитор әрі продюсер Қанат Айтбаевқа «Парасат» орденін салтанатты түрде табыс етті.
Осы айтулы оқиғаға орай, «Ауыл» партиясы Қанат Құдайбергенұлына өзінің ыстық ықыласы мен құттықтауын білдіреді.
Отандық музыка өнерін жаңа белеске көтеріп, жас таланттардың бағын ашуда аянбай тер төгіп жүрген тұлғаның еңбегі мемлекет деңгейінде жоғары бағаланды. Бұл марапат -еліміздің мәдени қорын байытуға қосқан зор үлестің заңды өтеуі. Қанат Айтбаевты осынау жетістігімен құттықтай отырып, шығармашылық биіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!
