Бүгін елордалық №111 орта мектепте жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті. Жиын барысында ұстаздарға құжаттың негізгі ережелері мен олардың әлеуметтік саладағы маңызы түсіндірілді.
Жаңа Конституцияда білім беру мемлекеттің базалық құндылықтарының бірі ретінде айқындалатыны атап өтілді. Ол әлеуметтік және экономикалық дамудың негізгі тетігі ретінде қарастырылады. Мемлекет білімнің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін өзіне алады.
Спикерлер білімнің белсенді әрі жауапты азаматтарды қалыптастырып, қоғамдық келісімді нығайтатынын ерекше атап өтті. Кездесу барысында қатысушылар сұрақтарын қойып, ұсынылған нормалардың мектеп тәжірибесіндегі маңызын талқылады.
