Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – жаңа Конституция бойынша алдағы референдумның маңызын талқылау болды. Жиында референдумның қоғам үшін мәні, азаматтардың қатысуының рөлі және оның елдің одан әрі тұрақты дамуына ықпалы жан-жақты сараланды.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихат депутаттары және партияның белсенді өкілдері қатысты.
Отырысты ашқан «Ауыл» партиясының Орталық аппарат басшысының орынбасары Нұрхат Ораш баяндамасында:
«Референдум – өз пікірін білдіру және ел болашағын айқындау мүмкіндігі. Мен сіздерді өңірлерде осы жұмысқа белсенді қатысып, оның тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге шақырамын», – деп атап өтті.
Күн тәртібіне сәйкес отырыс барысында саяси реформаның негізгі бағыттары бойынша пікірталастар өткізілді, спикерлер өз ұстанымдарын таныстырды.
Ұлытау облыстық мәслихатының аграрлық, жер, ауыл шаруашлығы ветеринария жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, «Ауыл» партиясы Ұлытау облысы бойынша мәслихат депутаты Гульназ Омарова жаңа Конституция бойынша алдағы референдум – қоғамның пікірін білдірудің шешуші кезеңі екенін атап өтті. Ол азаматтардың белсенді қатысуы және өз ой-пікірін ашық білдіру маңызды екенін ерекше атап өтті.
«Ауыл» партиясы Ұлытау облысы бойынша мәслихат депутаты Балтабек Жоламанұлы алдағы референдум жаңа Конституцияның негізгі принциптерін бекітуге және қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара екенін атап өтті.
Ақжарқын Токишова Конституциялық өзгерістер – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын, халықтың әл-ауқаты мен азаматтық құқықтарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
Бұл кездесу тек партияішілік талқылау алаңы ғана емес, жаңа Конституция бойынша алдағы референдумды қолдау және елдің тұрақты дамуына бағытталған ортақ пікір қалыптастыру алаңы болды.
