20 ақпан 2026
«Ауыл» - ақпарат
Ауыл жастары жаңа Конституцияға дауыс беруге әзір

Ауыл жастары жаңа Конституцияға дауыс беруге әзір

20 ақпан 2026Автор

19 ақпанда Астана қаласында сарапшылар мен жас белсенділердің қатысуымен «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияның жұмысы аясында «Конституцияға енгізілген өзгерістер аясында жастардың мемлекеттік басқаруға қатысу мәселелері» тақырыбындағы кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – конституциялық жобаны талқылау және азаматтық қоғамның демократиялық институттарды одан әрі дамытуға қатысты ортақ ұстанымдарын қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдық диалогты нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жаңа Конституция бойынша алдағы референдумды қолдауға бағытталған бірыңғай позицияны қалыптастыру.

Отырысты ашқан заңгер, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ауыл» фракциясы аппаратының басшысы Жазира Султанкулова Конституциялық жобаны талқылауда бірлескен пікір алмасу мен ортақ шешімдерге жетуді басты мақсат ету қажеттігін атап өтті.

Жалпыұлттық коалицияның мүшесі, «AMANAT» партиясы Астана қаласы Сарыарқа аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Талғат Тілес демократиялық институттарды дамыту тек заңдарды жетілдіру емес, қоғам мүшелерінің өз ойын еркін білдіруіне жағдай жасау екенін жеткізді.

Саясаттанушы Еламан Елемес қоғам белсенділігінің реформаның табысты болуы үшін шешуші рөл атқаратынын және азаматтық бірлестіктер мен сарапшылардың қатысуы халық мүддесін нақты көрсетуге мүмкіндік беретінін атап көрсетті.

Сонымен қатар шараға жалпыұлттық коалицияның мүшелері Абай Барманқұлов пен Айдын Әшімханов қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Баяндамалардан кейін қарастырылып отырған тақырып бойынша пікір алмасуға бағытталған талқылау сессиясы өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ортақ тұжырымға келді: жаңа Конституция – қауіпсіз, әділетті және тұрақты дамитын мемлекеттің берік іргетасын қалауға мүмкіндік беретін стратегиялық таңдау.

ПІКІРЛЕР
0