19 ақпанда Қостанай облысында «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – жаңа Конституция бойынша алдағы референдумның маңызын талқылау болды. Жиында референдумның қоғам үшін мәні, азаматтардың қатысуының рөлі және оның елдің одан әрі тұрақты дамуына ықпалы жан-жақты сараланды.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихат депутаттары, Саяси кеңес мүшелері, партияның белсенді өкілдері қатысты.
Отырысты ашқан «Ауыл» партиясы» төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов:
«Референдум – өз пікірін білдіру және ел болашағын айқындау мүмкіндігі. Мен сіздерді өңірлерде осы жұмысқа белсенді қатысып, оның тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге шақырамын», – деп атап өтті.
Күн тәртібіне сәйкес отырыс барысында саяси реформаның негізгі бағыттары бойынша пікірталастар өткізілді, спикерлер өз ұстанымдарын таныстырды.
Талқылауда сонымен қатар Республикалық Саяси Кеңестің мүшесі, «ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық инспекциясы» ММ басшысы, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Берікжан Қайыпбай; Қостанай қалалық мәслихатының депутаты, «М. Дулатұлы атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті» ЖМ ректоры Арман Исмаилов; Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, «Азат и Д» ЖШС басшысының орынбасары Динара Ахметова; Федоров аудандық мәслихатының депутаты, «Федоров ауыл шаруашылығы колледжі» КМКК директоры Сауле Баймурзина; биология ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ аға оқытушысы Булат Балабаев; «Ауыл Жастары» өңірлік жастар қанатының төрағасы Мұратхан Шуйншибаев өз пікірлерін білдірді.
Бұл кездесу тек партияішілік талқылау алаңы ғана емес, жаңа Конституция бойынша алдағы референдумды қолдау және елдің тұрақты дамуына бағытталған ортақ пікір қалыптастыру алаңы болды.
