18 ақпан 2026
«Ауыл» - ақпарат
«Ауыл» партиясының қолдауымен жастар арасында «Мен – донормын!» жалпыреспубликалық акциясы өтті

«Ауыл» партиясының қолдауымен жастар арасында «Мен – донормын!» жалпыреспубликалық акциясы өтті

18 ақпан 2026Автор

Бүгін Астана қаласында «2026 – Халықаралық волонтерлер жылы» аясында «Auyl Jastary» жастар қанатының бастамасымен және «Медицина жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі бірлесіп, жалпыреспубликалық «Мен – донормын!» әлеуметтік акциясы өтті.

Іс-шара ҚР ДСМ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында ұйымдастырылды.

Акцияның басты мақсаты - қан мен оның компоненттерінің қорын толықтыруға үлес қосу, өтеусіз ерікті донорлықты насихаттау және азаматтарды адам өмірін сақтап қалуға бағытталған игі іске жұмылдыру.

Аталған бастама «Ауыл» партиясының қолдауымен 2022 жылдан бері тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде партия мүшелері арасында тұрақты донорлар қатары қалыптасып, еліміздің түрлі өңірлерінде ерікті қан тапсыру акциялары ұйымдастырылды.


Донор болу – бұл біреуге өмір сыйлау.

Жақсылық жасауға бірге атсалысайық!

ПІКІРЛЕР
0