24 ақпан 2026
«Ауыл» - ақпарат
«Ауыл» партиясы Атырау облыстық филиалы алдағы референдумды қолдайтынын білдірді

«Ауыл» партиясы Атырау облыстық филиалы алдағы референдумды қолдайтынын білдірді

24 ақпан 2026Автор

Бүгін Атырау облысында «Ауыл» партиясы өңірлік филиалының төрағасы Нұртас Байжановтың басшылығымен Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – жаңа Конституция бойынша алдағы референдумның маңызын талқылау болды. Жиында референдумның қоғам үшін мәні, азаматтардың қатысуының рөлі және оның елдің одан әрі тұрақты дамуына ықпалы жан-жақты сараланды.

Кеңейтілген отырысқа Саяси кеңес мүшелері, ғылыми-сарапшылық қауымдастық, аграрлық сектор, депутаттық корпус және өңірлік қоғамдық-саяси құрылымдардың өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес отырыс барысында саяси реформаның негізгі бағыттары бойынша пікірталастар өткізілді, спикерлер өз ұстанымдарын таныстырды.

Отырысты ашқан «Ауыл» партиясы Орталық аппарат басшысының орынбасары Нұрхат Ораш:

«Конституциялық реформалар – қоғам мен мемлекеттің дамуына жаңа серпін беретін маңызды қадам. Олар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, саяси жүйенің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған», – деп айтты.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Бақтыбек Таубаев жаңартылған Конституция аграрлық ғылым мен ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына берік құқықтық негіз қалыптастынын атап өтті.

«Қазақстан фермерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы бойынша филиалының төрағасы Мұрат Сарманов:

«Конституциялық өзгерістер экономиканың нақты секторын қолдауды күшейтіп, фермерлердің мүддесін қорғауға жағдай жасайды. Тұрақтылық пен ашық әрі айқын ережелер – ауыл кәсіпкерлігін дамытудың берік негізі», – деп атап өтті.

Атырау облыстық мәслихатының депутаты Кадырбек Магзомов:

«Конституцияның жаңа редакциясы өкілді органдардың рөлін күшейтіп, қоғамдық бақылау тетіктерін кеңейтеді. Бұл – биліктің азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам», – деді.

Индер аудандық аумақтық партия филиалының төрағасы Керімбай Сабырғалиев бүгінгі таңда стратегиялық реформалар төңірегінде қоғамды топтастырудың ерекше маңыздылығын атап өтіп, Конституциялық өзгерістер әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға және елдің ұзақ мерзімді дамуына бағытталғанын айтты.

Бұл кездесу тек партияішілік талқылау алаңы ғана емес, жаңа Конституция бойынша алдағы референдумды қолдау және елдің тұрақты дамуына бағытталған ортақ пікір қалыптастыру алаңы болды.

Шара «Ауыл» партиясының белсенді, құрметті азаматттарын марапаттаумен аяқталды.

ПІКІРЛЕР
0