26 ақпан 2026
«Ауыл» - ақпарат
Алматыда «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында сарапшылар форумы өтті

Алматыда «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында сарапшылар форумы өтті

26 ақпан 2026Автор

26 ақпанда Алматы қаласында «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында сарапшылар форумы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жаңартылған Конституция ережелерін жан-жақты сараптамалық талқылау, оны практикалық тұрғыда іске асыру бойынша кәсіби ұсыныстар әзірлеу, конституциялық реформаларды қолдауға бағытталған сарапшылар қауымдастығының ортақ ұстанымын және жаңа Конституция бойынша алдағы референдумды қолдауға бағытталған бірыңғай позицияны қалыптастыру.

Форум аясында саяси партиялардың, ғылыми-сарапшылық қауымдастықтың, мемлекеттік басқару жүйесінің, сондай-ақ медиа және қоғамдық сектор өкілдері сөз сөйледі. Қатысушылар конституциялық реформалардың елдің ұзақ мерзімді дамуына ықпалын, олардың қоғамдық-саяси үдерістердегі рөлін, сондай-ақ конституциялық нормаларды тиімді іске асыру тетіктерін талқылады.

«Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қуаныш Сейтжанов «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қуаныш Сейтжанов өз сөзінде елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың стратегиялық маңыздылығына тоқталып, олардың мемлекеттің тұрақты дамуы мен халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Ол жаңашыл бастамалардың ауылдық аумақтардың дамуына ерекше серпін беретінін және өңірлердегі экономикалық белсенділікті арттыруға ықпал ететінін жеткізді.

«Реформалардың табысты жүзеге асуы үшін мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің тығыз ынтымақтастығы қажет. Ел болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің маңызы зор. Әрбір қабылданатын шешім азаматтардың мүддесін қорғауға және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға қызмет етуі тиіс», – деп атап өтті Қуаныш Сейтжанов.

«Ауыл» партиясы Орталық аппарат басшысының орынбасары Айгерім Сарсенбаева өз сөзінде реформаның халыққа ең жақын әрі маңызды негізгі бағыттарына тоқталып, оның қоғам дамуы үшін зор маңызға ие екенін атап өтті. Ол жаңа өзгерістердің азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталғанын ерекше жеткізді.

«Егер бұрын «адам мемлекет үшін» деген қағида басым болса, жаңа Ата Заңда «Мемлекет адам үшін» қызмет етуі керек деген темірдей қағида басты орынға шықты. Бұл – ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын, халықтың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтетін маңызды бастама», – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, спикер реформалардың тиімді жүзеге асуы үшін қоғамның белсенділігі мен азаматтардың бірлігі маңызды екенін де тілге тиек етті.

Іс-шараға сондай-ақ саясаттанушы Даурен Пірімбетов пен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Айнур Идрисова қатысып, талқыланған тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді.

Баяндамалардан кейін кәсіби пікір алмасуға және ұсыныстар әзірлеуге бағытталған сараптамалық талқылау сессиясы өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар бірауыздан жаңа Конституция – қауіпсіз, таза әрі әділетті мемлекет құрудың берік іргетасын қалайтын стратегиялық таңдау деген тұжырымға келді.

Сарапшылар форумы мазмұнды ұсыныстар әзірлеуге, кәсіби диалогты дамытуға және мемлекеттің орнықты даму бағытын қолдауды нығайтуға ықпал еткен маңызды алаңға айналды.

ПІКІРЛЕР
0