3 наурыз 2026
Агро-жаңалық
2026 жылы фермерлер үшін жеңілдікті дизель отыны қанша тұратын болады?

2026 жылы фермерлер үшін жеңілдікті дизель отыны қанша тұратын болады?

3 наурыз 2026Автор
Қазақстан Үкіметінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселесі талқыланды.

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жедел штабта аграршыларды тыңайтқыштармен және арзандатылған ЖЖМ-мен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді, деп хабарлайды aulmedia.kz Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл егіс жұмыстарын жүргізуге 402 мың тонна жеңілдікті дизель отыны бөлінді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін бекітілген баға литріне 281 теңгені құрайды.

Салыстыру үшін: өткен жылы жеңілдікті баға 254 теңге деңгейінде болған еді. Өсімге қарамастан, фермерлерге арналған баға нарықтық бағадан 15 пайызға төмен болып қалып отыр.

Сонымен қатар, Үкімет арзандатылған отынды алдын ала – күзден бастап бөлу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл аграршыларға қаржыландыру алумен қатар жұмыстарды жоспарлауға мүмкіндік береді. Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктеріне осы мәселені пысықтау тапсырылды.

Тыңайтқыштармен қамтамасыз ету

2026 жылы Қазақстан аграршылары 2,3 миллион тонна тыңайтқыш енгізуі тиіс, бұл өткен жылмен салыстырғанда жарты миллион тоннаға артық. Дегенмен, қазіргі уақытта тиеп-жөнелту қарқыны Министрлер кабинетінде алаңдаушылық туғызып отыр.

Ағымдағы көрсеткіштер:

* 414 мың тоннаға шарт жасалды;

* Нақты жөнелтілгені — небары 187 мың тонна;

* Жұмыс басталып кеткен оңтүстік өңірлерге небәрі 30 мың тонна жеткізілді.

Вице-премьер тыңайтқыш өндірушілерге қаражат аударуды кешіктіріп жатқан «артта қалған» облыстарды сынға алып, есеп айырысуды тездетуді тапсырды.

ПІКІРЛЕР
0